«Әдебиет портал»

«Әдебиет порталы»  – бұл өткен ғасырлардағы, қазіргі заманғы қазақстандық және шетел ақын-жазушылардың шығармаларының қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жариялайтын бірегей Интернет-ресурс болып табылады.

«Әдебиет порталын» құрудың басты мақсаты қазақ әдебиетін ілгерлету және әйгілеу, әдеби онлайн-платформаны құру болып табылады, онда пайдаланушылар қазақ және әлем әдебиетін талқылап, өз пікірлері мен рецензияларын қалдыра алады, сондай-ақ сайтқа өз кітаптары мен туындылардың аудармаларын жариялайды.  

Жоба шеңберінде қазақ және әлем әдебиеті туралы қазақстандық және шетел жазушыларымен сұхбат өткізу, қазақ әдебиетін басқа тілдерге аудару жоспарып отыр. Әдеби портал Қазақстанның әдебиеті, тарихы мен мәдени мұрағатына қызығушылық танытатын әлемнің түкпір-түкпірінен интернет желісінің белсенді пайдаланушылары мен оқырмандарын біріктіреді. 

Портал қазақ әдебиетінің аударма саласындағы бар кемшіліктердің орнын толтырып, елдің әдеби мұрағатының Қазақстанның оқырмандарына, әрі әлем қауымдастығына қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді; жазушы, оқырман және сыншылардың диалогіне жәрдемдеседі; әрі Қазақстанның қазіргі заманғы ақындары мен жазушылардың шығармашылық белсенділігіне ықпал етеді. Контент бірнеше бөлімдерге бөлінген: оқы ( кітаптар, дәйексөздер, қысқаша мазмұны, кітаптардың рейтингі, хаттар), қара (фотогалерея, фильмдер, иллюстрациялар, бейнеопоэзия), тыңда (аудиокітаптар, батырлар жыры, терме, күй, аудиопоэзия), қатыс (блог, онлайн-конференция, иллюстрация, аударма, қысқаша мазмұны).

2016 жыл ішіндегі кіру статистикасы

Бірегей пайдаланушылар

571415

Сайтқа кіру

1679216

Аудиториясы

18-24 жас

22
 %

25-34 жас

34
 %

35-44 жас

16
 %

45-54 жас

12
 %

65 жастан аса

5
 %

Құрылғылар

Мобильді құрылғылар

56
 %

Компьютер

40
 %

Планшет құрылғысы

4
 %

Сайтқа кіру