Baq.kz

Baq.kz – Қазақстанда және әлемде жедел, шынайы әрі объективті түрде оқиғаларды жариялайтын мультимедиялық қазақ тілді ақпараттық агенттік болып табылады.

Baq.kz жұмысының басты мақсаты - интернет желісінде бірыңғай қазақ тілді платформаны құру. Ақпараттық агенттік мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Бұл бағыттың басты акценті қазақтілді контентті кеңейту, медиялық аяның әлеуетін белсенді қолдану арқылы тілдік аяны қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту. Baq.kz Қазақстан аумағында және қазақ тілі қарым-қатынас тілі болып табылатын шетелдерде кең аудиторияға бағытталған ұлттық идеяны алға тартады. 

Baq.kz АА контенті ақпараттық агенттіктердің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес келеді: эксклюзивті, жедел, шынайы. Агенттіктің жаңалықтарды жариялауы нақты стандарттармен реттеледі, олар ақпараттың сапасына, әрі шынайылылығы мен объективтілігіне әсер етуіне жол бермейді

Бүгінде Baq.kz АА күн сайын сағат 9.00 бастап 21.00-ге дейінгі режимде 10-15 минуттық интервалмен 90 аса ақпараттық аналитикалық материалдарды, Қазақстанның және шетел жаңалықтарын жариялайды, олар «Қазақстан 2050» стратегиясының жүзеге асырылу барысын, жыл сайынғы Президент жолдауларын және басқа да әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды қамтиды. Жаңалықтар үш түрде жарияланады: кириллица, латын және арабтың өрме жазуы. Сайтта 2010 жылдың 24 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін 200 мыңнан аса жаңалықтар жарияланған. 

Порталға күн сайынғы кіру саны орташа 12-15 мың пайдаланушыларды құрап отыр. Жалпы Порталда жылына орта есеппен 30 мыңнан аса жаңалық және ақпараттық-аналитикалық, сонымен қатар 2500 аса фото және бейне материалдар жарияланады.

Сонымен қатар, Baq.kz сайтында келесі қызметтер бар: 

  • Іс-шаралардың, телекөпірлердің online трансляциясын өткізу;
  • Қазақстандық теледидар арналарының трансляциясын онлайн қарау;
  • Қазақстандық радиостанцияларды онлайн режимде тыңдау;
  • Көптеген қазақ тілді газеттердің, журналдардың және электронды БАҚ сайттарына қол жеткізу;
  • Қазақ тілді аймақтық БАҚ, тәуелсіз блогерлердің жеке жаңалық парақшаларын оқу;
  • 200 аса аймақтық БАҚ-қа қол жеткізу.

Сайтта арнайы жобалар қарастырылған:

  • «Блогтар» бөлімі, Baq.kz пайдаланушыларына Қазақстанның танымал әрі әйгілі тұлғалармен, блогерлермен мемлекеттік тілде пікірталасқа түсуіне мүмкіндік береді. Порталда блогерлердің 400 аса парақшалары жиналған;
  • «Аймақтық БАҚ» бөлімі, сайт пайдаланушылары арқылы Интернетте қазақ тілді аймақтық БАҚ контентін кең таралуы үшін жеке парақтардың берілу мүмкіндігі қарастырылады. Қазіргі уақытта аймақтық БАҚ 282 интернет-парақшасы жиналған;
  • «Жаһан қазақтары» бөлімі – шетелдегі қазақ диаспорларының, этникалық қазақтардың тарихи көшуіне байланысты олардың өмірі, өткізілетін іс-шаралары, оқиғалары жөнінде жаңалықтарды жариялайды.
  • Танымал қазақ тұлғалары мен қызметкерлерге арналған «Асыл қазына» бөлімі. Бөлімде Интернет желісінде таңдаулы қазақ тілді контентті арттыруға ықпал ететін танымал қазақстандық тұлғалардың және қайраткерлердің материалдары, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері туралы мұрағаттық және эксклюзивті деректері жиналған.

2015 ж. қаңтар айында «Мәдени орталықтар» деп аталатын жоба іске қосылған, ол қазақстандық мәдени орталықтарға (мұражайларға, театрларға, кітапханаларға) Baq.kz атауымен интернет-парақшаларды ашу мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар арнайы айдарлар:

«Таңдаулы» –оқырманның қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарға маңызды әрі қызықты, таңдаулы материалдар жарияланатын айдар.

«Ашық әңгіме» - саяси, экономикалық, мәдени және спорт саласындағы айрықшы тұлғалармен сұхбаттар, қоғам қайраткерлерімен, тарихшылармен жүргізілген әңгімелер және т.б. жарияланатын айдар. 

«Көзқарас» – қоғамда аса танымал саяси, мәдени және қоғам қайраткерлерінен, әлеуметтанушылардан, сарапшылар мен блогерлерден тұратын тәуелсіз авторлар түрлі тақырыптарға және редакцияның сұранысымен өзінің мақалаларын, пікірлерін жариялайтын жаңа айдар. Осының негізінде сайт редакциясымен үнемі қызметтесетін тәуелсіз авторлар пулын құру жоспарланып отыр. 

«Солай де» -сайттың жаңалығы болып табылады. Әлеуметтік желілерден, саясаттанушылардан, қоғамтанушылардан тұратын танымал блогерлердің қызықты сөздерін, дәйексөздерін немесе афоризмдерін жариялау жоспарланған терезе. 

Baq.kz қазақ тілді контентті үнемі жақсарту үшін біздің еліміздегі, әрі шетелдегі оқырмандар арасындағы сапалы және шынайы контентке деген қызуғышылықтың артуы ықпал етіп отыр. 2014 жылы портал ХІІ Award.kz Ұлттық интернет-жүлдесіне алғаш рет тағайындалып, «Масс-медиа» номинациясы бойынша үшінші орын алған.

2016 жыл ішіндегі кіру статистикасы

Бірегей пайдаланушылар

2015271

Сайтқа кіру

6064120

Аудиториясы

18-24 жас

12
 %

25-34 жас

34
 %

35-44 жас

17
 %

45-64 жас

11
 %

65 жастан аса

2
 %

Құрылғылар

Мобильді құрылғылар

70
 %

Компьютер

28
 %

Планшет құрылғысы

3
 %

Сайтқа кіру