«National Digital History»

«National Digital History» интернет-жобасының порталы – бұл тек «Қазконтент» АҚ қазіргі заманға сай, сандық, гуманитарлық интернет өнім ғана емес.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазконтент» АҚ негізінде пайдаланушылар арасында танымал болған «е-history.kz» интернет-порталы болған. Портал өзінің қызметімен тарихи пікір таласында салмақты үлес қосқан. 

Порталдың ребрендингі жаңа үлгіні қалыптастыруға, қазіргі заманғы интернет-кеңістігінде Қазақстанның имиджін жоғарлатуға бағытталған, себебі әлемде біздің елімізге, біздің мәдениетіміз бен тарихымызға қызығушылық артып келетіні сөзсіз. 

Сонымен қатар тек шетел азаматтары ғана емес, қазақстандықтар да Қазақстанның тарихын, мәдениетін, дәстүрін толығымен танып үлгермеген. 

Интернет-портал тарихи мәселелер жөніндегі энциклопедиялық анықтамалық, бірыңғай сенімді ақпараттық сандық тарихи материал қызметін атқарады. 

«National Digital History» интернет-жобасы ұлттық тарих пен мәдениетті популяризациялау үшін құрылған. 

Жоба «Біртектілік пен бірлік» төртінші институционалдық реформаға сәйкес «100 нақты қадам» Ұлттық жоспардың 87-қадамын жүзеге асыру шеңберінде орындалған. 

Жоба Қазақстан тарихы жөнінде толық және сапалы ақпаратты ұсынады, тарихи зерттеулер саласында соңғы ғылыми жетістіктерді жариялайды.

Контент үш тілде келесі санаттары бойынша берілген:

  • «Қазақстан тарихы» - бөлімде біздің еліміздің дамуының барлық тарихи кезеңдері жөнінде ақпарат берілген.
  • «Казахстаника» - Қазақстанның тарихы, мәдениеті, географиясы жөніндегі энциклопедиялық материал.
  • «Тұңғыш Президент» - ҚР Президентінің өмірбаяны мен еңбек жолы, оның еңбектері.
  • «Есімнама» - Қазақстанның мемлекеттік, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, елдің дамуына едәуір үлес қосқан тұлғалар туралы.
  • «Ұлы дала» - қазақ халқының тарихында аса маңызды орын алған белгілі, танымал жерлер.
  • «Асыл қазына» - халық даналығы берілген.
  • «Дүниежүзі тарихы» - Қазақстанмен байланысты әлемдік тарихтың соңғы жетістіктері.
  • «Хронология» - тарихи күндер мен оқиғалардың таспасы.

Интерактивті алаңдарға «Дискуссия онлайн», «Тарихи сейсенбі», «Сауалнама» кіреді. 

«Театр әлеміндегі тарих», «Бір суреттің тарихы», «Әлихан Бөкейхан – 150 жыл» арнайы жобалары бар. 

Портал командасы өсіп келе жатқан ұрпаққа өз тарихын таныту мақсатында жұмыс атқарып келеді. Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білу – партиоттық тәрбиенің маңызды бөлігі.

2016 жыл ішіндегі кіру статистикасы

Бірегей пайдаланушылар

1446401

Сайтқа кіру

3585153

Аудиториясы

18-24 жас

28
 %

25-34 жас

34
 %

35-44 жас

16
 %

45-54 жас

13
 %

65 жастан аса

6
 %

Құрылғылар

Мобильді құрылғылар

53
 %

Компьютер

45
 %

Планшет құрылғысы

2
 %

Сайтқа кіру