Kaztube бейне-порталы

KazTube.kz бейне-порталы – бұл қазіргі уақытта танымал қазақстандық интернет-ресурстардың бірі. Түрлі мемлекеттің жас мөлшері әр алуан пайдаланушылары күнделікті бейне-, аудиоконтентті көреді, тыңдайды және оқиды, сондай-ақ өздерінің роликтерін де порталға жүктейді. Порталдың басты ерекшелігі – эксклюзивті, отандық контентті қолдайтын ресурс ретінде таныту, сондай-ақ Интернетте мемлекеттік тілдің дамуына ықпал ету болып табылады.

Порталдың негізгі міндеті ұлттық идеяны негізге ала отырып, Қазақстан аумағында және шетел қолданушыларына бағытталған алғашқы ұлттық медиа ресурсты қалыптастыру болып табылады.

Жоғарыда аталғандарды жүзеге асыру мақсатында портал негізінде «KaztubeStudio» өзіндік бейне студиясы қызмет етеді. 

Kaztube.kz бейне-порталы «Қазконтент» АҚ жобасы болып табылады. 

Kaztube.kz бейне-порталы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқармасы отырысының хаттамасымен бекітілген өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне сәйкес 2009 жылдың 14 сәуір күні өз жұмысын бастаған. 

2016 жыл ішіндегі кіру статистикасы

Бірегей пайдаланушылар

4538294

Сайтқа кіру

16404002

Аудиториясы

18-24 жас

30
 %

25-34 жас

44
 %

35-44 жас

13
 %

45-64 жас

11
 %

65 жастан аса

2
 %

Құрылғылар

Мобильді құрылғылар

54
 %

Компьютер

42
 %

Планшет құрылғысы

3
 %

Сайтқа кіру