Баспа БАҚ-ты Интернетке көшіру – бұл Интернет желісінде баспа БАҚ-тың дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған арнайы жоба. 

Қазіргі уақытта баспа БАҚ-ты дамыту тақырыбы мен оның болашағы баспа қызметіндегі өзекті мәселе болып табылады. Баспасөз нарығында баспа БАҚ таралымының қысқаруы, тұтынушылар арасындағы оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі және цифрлық тасушылардың пайда болу проблемалары өзекті болып отыр.    

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия медиа-форумында атап айтқандай, шындығында БАҚ тұтынушылардың өзіне тікелей ақпарат беруге бейімделген контент «кезеңіне» еніп отыр. Бұл электрондық медиа үшін де, мерзімді медиа үшін жаңа жағдайларды қалыптастырады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы және Интернет желісінде, БАҚ онлайн қатысуын қамтамасыз ету бөлігінде «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу шеңберінде туралы толықтыруларды енгізу шеңберінде мәселенің өзектілігін назарға ала отырып, «Қазконтент» АҚ «Интернет желісіне баспа БАҚ-ты көшіру» жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.

Жобаға БАҚ туралы Заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуі бар Қазақстан Республикасының барлық баспа БАҚ қатыса алады. 

Жоба интернет-ресурсты қалыптастыру, әрі контентті басқару және әлеуметтік медиадағы ілгерлету жүйесінде әкімшілеу әдісімен оқыту мүмкіндігін тегін беріп отыр. Кейіннен «Қазконтент» АҚ мамандары интернет-ресурспен жұмыс жасау бойынша техникалық әрі ақпараттық қолдау көрсететін болады. 

Жұмыс аймақтық редакциялар арасындағы инновациялық технологияларды қолдану және баспаның электронды нұсқаларымен жұмыс жасау жөніндегі редакторлардың кәсіпқой деңгейін арттыру мақсатында жүргізіліп келеді, бұл мультимедиялық форматта баспа басылымдардың бейімделуіне арналған көпір ретінде қызметін атқарып келеді. 

Жоба 2012 жылы басталған, жұмыс басталғаннан бастап 1000-нан аса баспа басылымдар Интернетке толығымен өту мүмкіндігіне қол жеткізді немесе онлайн – нұсқасымен толықтырылды. Жобамен жұмыс жасаған уақытта БАҚ өкілдеріне аймақтық семинарлар және «Жаңа медиа: БАҚ баспасының эволюциясы» тақырыбында жыл сайынғы конференциялар өткізілген. 

Ағымдағы жылы «Қазконтент» АҚ жобамен жұмыс жасауын жалғастыратын болады, баспа БАҚ пен конференцияларға арналған 200 интернет-ресурстарды дайындау жоспарланып отыр.