«Казконтент» АҚ-ны корпоративтік басқару жүйесі – корпоративтік басқарудың түпнегізгі ұстанымдарын кешенді сақтауды қамтамасыз етуі қажет:
- Әділеттілік:
- әділеттілік ұстанымы акционерлердің құқықтарын сақтау мен ұсақ және шетелдік акционерлерге дейін барлық акция иелеріне бірдей тең қарым-қатынасты қамтамасыз ету дегенге саяды.

- Жауапкершілік:
- әлеуметтік жауапкершілік ұстанымы корпорацияны басқаруға мүдделі адамдардың қоғамдық байлықты еселеу мақсатында жұмыс орындарын ашуы мен корпоративтік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету дегенге саяды.

- Мөлдірлік:
- мөлдірлік ұстанымы – корпорация қызметінің барлық негізгі аспекттілері жөнінде, қаржылық жағдай туралы мәліметтерді, меншік иелері құрамы мен басқарманың құрылымын қоса алғанда нақты ақпараттарды ұсынуды білдіреді

- Есеп беруге міндеттілік:
- есеп беруге міндеттілік ұстанымы директорлар кеңесінің стратегиялық басшылықты бизнеспен қамтамасыз етуді жүктеп, менеджерлер жұмысын бақылауды және акционерлердің алдында есеп беруге міндеттейді.


