«Казконтент» АҚ-ның негізгі кадрлық саясаты – «Казконтент» АҚ алдына қойылған стратегиялық және тактикалық міндеттердің шешілуін жоғары кәсіби деңгейде атқаруға қабілетті маман кадрларды кәсіби және әлеуметтік жағынан жетілдіру, ауыс-түйіс үдерістерін мейілінше азайтып, қызметкерлердің тұрақтауы мен олардың саны мен сапалық дәрежелерін барынша оңтайландыру болып табылады.

«Казконтент» АҚ-ның кадрлық саясаты мынаған бағытталған:
1) Қазақстандық және халықаралық ақпараттық нарықтарда «Казконтент» АҚ-ның көшбасшылық жағдайын нығайту мақсатында өндірістің маңызды тұлғасы ретінде кадрлық әлеуеттің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
2) нарықтың қазіргі талаптарына сәйкес ұйымдастыру басқармаларының барлық салаларын адам күшімен жеткілікті қамтамасыз ету;
3) «Казконтент» АҚ-ның жағымды имиджын қалыптастырып, клиенттер мен серіктестердің сенімін арттыру.
Кадр саясатының мақсаты – адам күшінің әлеуетін барынша жүзеге асыру және корпоративтік өзара қарым-қатынас тетіктері арқылы «Казконтент» АҚ-ның алдында тұрған міндеттерді сапалы да жедел орындай алатын біріккен командалық рухтағы жоғары кәсіби дәрежеде еңбек ұжымын қалыптастыру.
Алға қойылған мақсаттарды орындауға жетісу үшін «Казконтент» АҚ келесі міндеттерді шешеді:
1) «Казконтент» АҚ-ға ең қабілетті, бастамашыл, еңбекқор және креативті қызметкерлерді жұмысқа тартып, тұрақтандыру үшін персоналдарды іріктеу мен жалдау жүйесін қалыптастыруды;
2) еңбек өнімділігі мен қызметкерлердің жұмыс белсенділігін арттыру үшін көтермелеу жүйесін қалыптастыруға бағытталған еңбекке тиімді ақы төлеу мен персоналдың мотивациясы жүйесін қалыптастыруды;
3) бастамашыл және ой еңбегі шығармашылығындағы қызметкерлердің әлеуеттік мүмкіндіктерін танытып, кәсіби жағынан тұрақты өсуі үшін жағдайлар жасауды;
4) қызметкердің қабілет-қарымын тануды (команда мүшесі/компания);
5) компанияның мүддесі үшін қызметкердің интеллектуальдық және шығармашылық әлеуетін дамытуды;
6) компания қызметінің нәтижесіне, соның ішінде ұзақ мерзімді дамуға қызметкердің сіңірген еңбегін әділ бағалауды. Компания персоналды бәсекелестік басымдық пен көшбасшылық ұстанымға жеткізуді қамтамасыз ететін адам күші ретінде қарастырады.

Компания еңбек заңдылығы талаптарын сақтауға негізделген және кәсіптік шеберлік деңгейін толық жүзеге асыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ, оны лауазымдық қызметі дәрежесінде компанияның қажеттілігіне қарай жетілдіріп отыратын әрбір қызметкермен ұзақ мерзімді еңбек қатынасын орнатуды көздейді.


