Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы «Қазконтент» АҚ ұжымына жаңадан тағайындалған Басқарма төрағасы Думан Қожахметовты таныстырды. 

 

Сондай-ақ вице-министр Акционерлік қоғамның бұрынғы басшысы Евгений Кочетовқа кәсібилігі мен атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Думан Қожахметов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттің университетінің «БАҚ экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. Думан Қожахметов «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамында, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі лауазымында және жеке медиакомпанияларда басқарушы қызметтерде еңбек еткен